Қызмет басшысы:
Сарыбаев Беркін Аппазұлы
Байланыс тел.: + 7-727-272-16-02
Негізгі бағыттары:
- Жабдықтар мен инженерлік желілердің барлық түрлерінің апатсыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету, оны дұрыс пайдалану, оны сапалы жөндеу және қызмет көрсету;
Негізгі функциялары:
- Ғимараттарды, жабдықтарды, инженерлік-техникалық коммуникацияларды қауіпсіз пайдалану шарттарын зерттеу;
- Инженерлік-техникалық коммуникацияларды, жабдықтар мен техникалық жүйелерді жаңғырту және жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Кітапхана қызметкерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беру;
- Жабдықты жоспарлы-алдын алу және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру және орындау;
- Электр техникалық сантехникалық және көтергіш-көлік топтары қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау;;
- Электр энергиясын тұтынуды, жылу энергиясын, ыстық және суық су шығынын үнемдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау;
- Техникалық әдебиеттермен танысу, Электр қондырғыларын орнату және қауіпсіз қызмет көрсету ережелерін, лифттерді орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерін зерделеу арқылы қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды бақылау;
- Барлық бекіту арматурасын, сантехникалық тораптарды, көтергіш-көлік жабдықтарын жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау;
- Жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға өтінім жасауды бақылау;
- Инженерлік-техникалық жүйелердің, жабдықтардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің сақталуын және дұрыс пайдаланылуын бақылау;
- Жыл сайын кітапхананың жылыту жүйесін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстарды бақылау, ауа баптау және желдету жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, өлшеу аппаратурасы мен автоматиканы бақылау;
- Шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, соның ішінде кітапхана аумағын көркейту бойынша;
- Ерікті өрт сөндіру құралымының құрамында өрт және жануларды сөндіруге бағытталған өрт-күзет тобының басшысымен бірлесіп іс-шараларды ұйымдастыру.