+7 (727) 267-28-83

касым гл2024 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі суретші, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Нұразханның «Қаһарман Қасым» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақстанның Халық қаһарманы, даңқты партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің жеке хатшысы қызметін атқарған Еркін Нұразхан бұл кітабында батырдың өз аузынан естіген әңгімелері мен қоғамдық мәселелерді көтерген хаттарын және сол уақытта жазылған өз күнделігінен үзінділер мен баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларын топтастырған.

Сондай-ақ, Қасым Қайсеновтің өмірлік жары Асылхан Қабышқызының жазбалары да қаһарман бейнесін толықтыра түскен.

Шараның модераторы: Қазақ радиосы Алматы студиясының жетекшісі, ақын, журналист Құтпанбай Бақыт Жағыпарұлы.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директорыОспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Шарада ақын, Түркі дүниесі Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет; М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филол. ғыл. докторы, профессор Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы; Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы; белгілі журналист, профессор Марат Тоқашбаев; ақын, журналист Қали Сәрсенбай; ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып; жазушы, ғалым, филол. ғыл. докторы Нұрдәулет Ақыш және т.б. зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Халық қаһарманы, батыр Қасым Қайсенов туралы жазылған «Қаһарман ҚАСЫМ» атты кітаптың мәні мен маңыздылығына тоқталды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, суретшілер, замандастары, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіқызметкерлері, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі студенттері және т.б.

касым1   касым4   касым3
касым2   касым6   касым5

 

Кітап шоу - 2024