2024 жылғы 23 сәуір, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Р.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «KITAPshow-2024» кітап фестивалі аясында Ильдар Халитовтың «Казахстанские метеориты» ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері өтті.
«Казахстанские метеориты» кітабында метеориттердің табылған оқиғалары және мұндай олжалардың ғылым үшін маңыздылығы қызықты баяндалған. Жеке тараулар метеорит кратерлеріне, астероидтар мен кометаларға арналған. Кітап авторы – қазақстандық кәсіпкер, Қазақстаннан табылған метеориттерге маманданған метеорит жинақтаушысы.
Кітапқа 200-ден астам фотосуреттер мен иллюстрациялар енгізілген.
Кездесуге кітаптың әдеби редакторы, поляк текті қазақстандық автор, мәдениет сыншысы Юрий Серебрянский қатысты.
Шараның жүргізушісі – Креативті батылдық мектебінің негізін қалаушы Асхат Өскембаев.
Кездесу интерактивті форматта өтті, сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптар үшін естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қатысушылар: студенттер, жоғары сынып, колледж оқушылары және оқытушылары.