2024 жылғы 12 қаңтарда ҚР Ұлтық кітапханасының қорына 1-санатты жалпы тәжірибелік дәрігер, нутрициолог, превентивті медицина дәрігері, Халықаралық превентивті медицина дәрігерлері қауымдастығының мүшесі, «Dr.AidaMukhtarovna» орталығының негізін қалаушы, «Ел жанашыры» марапатының, «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатының иесі Аида Мұхтарқызы «Сенің саулығың – сенің миллиондарың» атты кітабын сыйға тартты.
Аида Мұхтарқызы «Сенің саулығың – сенің миллиондарың» кітабында денсаулықты қалпына келтіру барысында ағза тазалаудың атқаратын рөліне айрықша тоқталады. Ағзаға диагностика жасауға мүмкіндік беретін қарапайым тәсілдерді ұсынады.
Кітап оқырман сұранысына ие болары сөзсіз.