2024 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі жазушы, ақын Жақиянова Алтыншаш Жұманқызының «Апа, сені сағындым», «Самал лебіз», «Көңіл назы» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жақиянова Алтыншаш Жұманқызы ‒ республикамызға жыр жинақтары мен көркем-публицистикалық шығармалары арқылы танылған талантты қаламгер.
Іс-шараның модераторы ақын Әділғазы Қайырбеков болды
Шарада ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай; ақын, Қазақ телевизиясының ардагері Жұмаш Кенебай; жазушы, сықақшы Еркін Жаппасұлы; көрнекті ақын Аманғазы Кәріпжанәулеті; ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағиза Құныпияқызы; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлнұр Зұлқаршынқызы және т.б ақын-жазушылар құттықтау сөз сөйледі.
Белгілі жазушы, ақын Алтыншаш Жұманқызы шара соңында сөз сөйлеп, аталмыш кітаптың бірнеше данасын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.
Шара аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның және №178 лицейдің оқушылары Алтыншаш Жұманқызының өлеңдерін оқыды.
Аталмыш кітаптар әдебиетсүйер қалың оқырманға арналған.
Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.