Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қоры «Мультигенное тестирование в ранней диагностике и генетическом скрининге колоректального рака» атты әдістемелік ұсыныспен толықты.
Басылымды философия ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының ассистенті Афонин Георгий Алексеевич табыстады.
⠀
Колоректалды қатерлі ісіктің айқындалу, оның алдын алу және емдеу жолдары сипатталған бұл еңбекте онкология және молекулярлы генетика саласындағы тәжірибелер мен жаңаша зерттеулер негізгі ұстаным болып қарастырылады.
⠀
Бұл әдістемелік ұсыныс денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелік дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, білім беру ұйымдарының мамандары, резидент-дәрігерлер үшін басшылыққа алынатын құрал болып табылады.
⠀
Авторлары: философия ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының ассистенті Афонин Георгий Алексеевич; ҚР ҰҒА академигі, профессор, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының жетекшісі Кайдарова Диляра Радикқызы; Алматы онкологиялық орталығы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Балтаев Нұрлан Анарқұлұлы; «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ ғылыми хатшысы Гончарова Татьяна Георгиевна; С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының профессоры Хожаев Арман Айварович.