9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Арасанбай Естеннің 70 мерейтойын орай «АРАСАНБАЙ ӘЛЕМІНДЕГІ БАЛАЛАР» атты (BALA FEST) республикалық балалар мен жасөспірімдер форумы өтті.
Форумның мақсаты – балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, баспагер Арасанбай Естеннің шығармашылық мұрасын насихаттау.
⠀
Қатысушылар: Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері, балалар басылымдары мен кітапхана оқырмандары, студенттер және оқушылар.