8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында "Qyr balasy" білім, ғылым қорының 5 жылдық мерейтойына арналған «БОСТАНДЫҚ БЕРГЕН ЕР ҮШІН!» республикалық жас алаштанушылар форумының (ALASH FEST) аясында алаштанушы ғалымдардың қатысуымен тарихи-танымдық дәрістер өтті.
Тарихи-танымдық дәрістерге лектор ретінде ф.ғ.д, профессор Айгүл Ісімақова («Алаш әдебиеттануы»), алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай («Алаш зиялылары: импульс, энтузиаст, пассионар»), журналист, PhD Алма Сайлауқызы («Алаш арыстары ұстанған ұлттық идея») және журналист, PhD Қарлығаш Әубәкір («Алаш әдебиеті және цензура») қатысты.
⠀
Тарихи-танымдық дәрістердің мақсаты – ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихында бірегей құбылыс саналған Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің өмір жолы мен саяси-қоғамдық қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын жан-жақты насихаттау.
⠀
Қатысушылар: жас ғалымдар, кітапхана оқырмандары мен студенттер, оқушылар.