27 қарашадан – 01 желтоқсан аралығанда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Мәдениет және спорт министрінің «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына сәйкес кітапхана қызметкерлері жоспарлы аттестациялаудан өтуде.
Аттестаттау олардың атқарып отырған лауазымдарына немесе біліктілік санаттарына және/немесе сипаттамаларына сәйкестіктерін анықтау үшін өткізіліп жатыр.
Аттестациялық комиссия мүшесі ретінде ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік қызмет жетекшісі Г.А. Маханбетова қатысуда.