19 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында 24 қазан – Кітапханашы күніне орай мерекелік шара өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
⠀
Салтанатты шараны «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
⠀
Шара аясында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр Абзалиденұлы құттықтау сөз сөйлеп, Алматы облысының облыстық, аудандық ауылдық кітапханашыларын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
⠀
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық және Алматы облыстық филиалының төрағасы Нұрғалықова Сәуле Нақыпқызы және Ахмадиева Сәуле Құрмашқызы кітапханашылар күнімен құттықтап, марапаттар табыстады.
⠀
Марапаттар:
ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілері, Алғыс хаты, Құрмет грамотасы және Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі;
⠀
Бостандық ауданы әкімінің Алғыс хаты және Құрмет грамотасы;
⠀
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі, Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы.
⠀
Мерекелік шарада белгілі ақын Талант Арғынғали «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы ұжымы атынан кітапханашыларды құттықтап, арнау орындады. Сонымен қатар, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы ұжымының арнайы концерттік бағдарламасымен жалғасты.
⠀
Мерекелік шараға Ұлттық кітапхана мамандары, Алматы облысының облыстық, аудандық және ауылдық кітапханаларының кітапханашылары мен БАҚ өкілдері қатысты.