21 қыркүйекте Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар аясында өткен «Ұлттық кітапханалар - халықтардың рухани байлығының сақтаушысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және оның Қазақстанның құжаттық тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы рөлі» атты тақырыпта баяндама оқыды, онда мемлекеттің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жан-жақты зерттеу және дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Конференцияны М.Ф. Ахундов атындағы Әзербайжан Ұлттық кітапханасының директоры Тахиров Керим Магомедович жүргізді.
⠀
Конференцияға Әзірбайжан мемлекеттік органдарының өкілдері, жақын және алыс шет елдерінің ұлттық кітапханаларының, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.