ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының 30 жылдығына арналған «Біз біргеміз» мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылған «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БІРЛІГІ» атты ауқымды кітап көрмесінің ашылу салтанатында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының арнайы мерейтойлық «ТҮРКСОЙ 30 жылдығы» медалімен марапатталды. Марапатты ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Раев Сұлтан Әкімұлы табыстады.
Сонымен қатар, аталмыш медальмен бірқатар танымал тұлғалар: дәстүрлі әнші, көптеген дәстүрлі ән байқауларының лауреаты Абуғазин Талғат Қазенұлы, демеуші Бейсенов Ербол Аманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының академигі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қадірбек Құныпияұлы марапатталды.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Раев Сұлтан Әкімұлын Қазақстандық Кітапханалық Одақтың арнайы марапатымен «Құрметті кітапханашы» төсбелгісімен марапаттады.