7 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен мұрағатының делегациясы құрамында: бас директор (Министрдің орынбасары дәрежесімен) Абдулла Маджид Әл Али мырза, Президенттік мұрағат басқармасының басшысы Фатима Мұхаммад әл-Мухайри ханым, баспа бөлімінің меңгерушісі Фатима Әли әл-Дармаки ханым, коммуникациялар бөлімінің басшысы Мұхаммед Әли әл-Мазки әл-Шамси сыпайылық сапармен келді.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова Ұлттық кітапхананың қызметі туралы әңгімелеп, өзара тиімді мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері де сөз болды. Қонақтарға кітапханамен және шет мемлекеттердің мәдениет және әдебиет орталықтарымен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.