30 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясында жазушы Хайдар Байзақовпен шығармашылық кездесу кеші өтті.
Шарада Хайдар Байзақов оқырмандарға өз шығармашылығымен бөлісіп, көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, шығармашылығына қызығушылық танытып, сұрақ қойған бірнеше оқырмандарына "Үлкен және кіші үнсіздік", "Уәзірлермен мереке" атты кітаптарын өз қолтаңбасымен сыйға тартты. Шара аясында жазушы Хайдар Байзақов өзінің бірнеше кітаптарын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты. Шараға ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.