21 сәуірде Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «КІТАП ШОУ-2023» мерекелік іс-шаралар аясында қырғыз халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері,Қырғызстан Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығының лауреаты Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 95 жылдығына арналған «Шыңғыс Айтматовты оқимыз» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары жазушының туған қарындасы Роза Төреқұлқызы Айтматова мен жиені Асан Ахматов болды.
⠀
Дөңгелек үстел форматында олардың «Ата-бейит» (Пантеон отцов) кітабының тұсаукесері өтті.
⠀
Іс-шара модераторы филология ғылымдарының кандидаты, профессор, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі С.В.Ананьева болды.
⠀
Дөңгелек үстел ашылуында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі.
⠀
Іс-шарада ақын және жазушы М.Шаханов, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Оразалин, филология
ғылымдарының докторы, профессор Б. Мамраев, Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Г.Абдурасулова, «MURAS» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары М. Н. Ташибеков, ақын, жазушы Б. Қанапьянов, Шығыс Еуропа және халықаралық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, PhD Nina Friess (Берлин) және т. б. сөз сөйледі.
⠀
Іс-шараға MURAS қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілдері, Қазақстандағы қырғыз диаспорасы, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен студенттері, сондай-ақ кітапхана оқырмандары мен мамандары қатысты.
⠀
Ұлттық кітапхана қорынан Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
⠀
Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында «Белые сны по дороге домой» деректі фильмі көрсетілді.