13 сәуірде Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде өткен «Құқықтық нигилизм-сыбайлас жемқорлықтың негізі» атты семинарға ҚР Ұлттық кітапханасы директорының Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары, «ЖАҢАРУ» РҚБ АҚҚ Кеңесінің мүшесі Н.А. Искалиева қатысты.
Семинарды ұйымдастырушылар: «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.
⠀
Н.А. Искалиева «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде еліміздің жетекші ақпараттық және білім беру орталығы - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының рөлі» атты баяндама жасады.
⠀
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекет қауіпсіздігі үшін күрес» атты тұрақты жұмыс істейтін кітап-иллюстрациялық көрме туралы айтып берді.
⠀
Оқытушылар мен студенттер «Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған ҚР Ұлттық кітапханасының «Парасат жолы» орталығының жұмысына ерекше қызығушылық танытты. «Парасат жолы» орталығының ашылуына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі бастамашы болды.
⠀
Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері үшін ҚР Ұлттық кітапханасы туралы деректі фильм көрсетілді.
⠀
Соңында Алматы қаласы Түрксіб ауданы «ЖАҢАРУ» РҚБ АГФ өкілі, отставкадағы полковник М. М. Ахметсафин Н.А. Искалиеваға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған белсенді қоғамдық жұмысы үшін Алғыс хат табыс етті.