Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Өзбекстан Республикасындағы Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында өтетін көрнекті қазақстандық жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Түркі әлемінің детектив жанрының дарабозы» атты іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлымен кездесті.
Кездесуде аталмыш шараға дайындық барысы талқыланды.