5 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай «Ғылым декадасы» аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Тарихты оқытудың жобалық негіздері мен жәдігерлердің тарихи маңызы» тақырыбындағы Алматы қаласы мен Алматы облысы орта мектеп мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Ғылыми- әдістемелік семинардың басты мақсаты – жаңартылған білім беру аясында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен түрлі ғылыми ізденістегі танымал ұстаздардың жобалық және әдістемелік жұмыстары негізіндегі «Тарих» пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін жүйелеуде, жаңаша зерделеуде таным көкжиегін кеңейту.
Семинар барысында креативті ойлар мен тың ізденістерден баяндамалар жасалып, тарихи жәдігерлер мен құндылықтар жайында ақпараттар берілді.
Шараны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлы жүргізді.
Баяндамашылар:
- Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Жұмақан Нұрманбетқызы – «Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тарихы мен негізгі мәні».
- Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Кунапина Қайыркен Құдайбергенқызы – «Тарихты оқытудағы жаңашылдық пен қстаз мәртебесі».
- Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Жумагулов Болат Сағидоллаұлы – «Тарих ғылымының даму тенденциялары».
- Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Сманкулова Жанат Ерекенқызы – «Жаһандану үдерісіндегі білім беруші тұлғаның өзін-өзі дамыту тенденциялары».
- Тарих ғылымдарының кандидаты, Қ.А. Яссауи атындағы №123 гимназияның тарих пәні мұғалімі Рашева Гүлжан Өмірзаққызы – «Тарих сабақтарында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда жаңа әдіс-тәсілдердің рөлі».
- №122 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Есенов Дәулет Бақытжанұлы – «Тарих пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері».
- Қ.А. Яссауи атындағы №123 гимназияның тарих пәні мұғалімі Қожантова Алия Ұзақбайқызы – «Жаңартылған білім беру негіздегі тарих пәнінің әдістемесі».
- Алматы облысы «Музейлер бірлестігі» МКҚК «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Тұрлыбаев Әділ Жамбылұлы - «Қазақ дүниетанымындағы ана түсінігі, бүгінгі қоғамдағы рөлі».
- «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, №104 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Танмамбетова Шара Сұлтанқызы – «Білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын жобалау».
- Жоғары санатты ұстаз, №146 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Қамысбаева Катира Балабекқызы – «Рухани жаңғыру аясында Отан тарихын ғылыми зерделеу арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің формалары мен әдістері».
- Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Құдайберген Данияр – «Тарихты оқыту процесіндегі заманауи тенденциялар».
- Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлы – «Жаңа кітаптар негізінде жоба жазудың тың әдістері».
Семинар жұмысына қатысушылар: мектеп мұғалімдері, тарихшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері.