31 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының өнер залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, танымал кино және театр әртісі Нина Жмеренецкаяның шығармашылық кездесуі, «Өмір және Сахна» кітабының тұсаукесері өтті.
«Өмір және Сахна» кітабы Нина Жмеренецкаяның сахнадағы және кинодағы көрнекті және ұмытылмас бейнелері туралы суреттелген фотоальбом.
⠀
Іс-шараны директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты.
⠀
ҚР Ұлттық кітапханасының қорына автор «Өмір және сахна» атты жаңа кітабын сыйға тартты.
⠀
Іс-шарада сөз сөйлегендер: ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Б. Дүйсембинова; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер А.Головинский; театр әртістері И.Муравьева, Ш.Тыналина, Г. Құрманғалиева және т.б.
⠀
Нина Леонидовна Жмеренецкая іс-шараға қатысушыларды жылы қарсы алып, өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы айтты. Сондай-ақ, көрермендердің көптеген сұрақтарына жауап берді, кинода түсірілім және театрда жұмыс істеу туралы естеліктерімен бөлісті.
⠀
Кездесу соңында әртіс оқушыларға қолтаңбасы бар кітаптарын сыйға тартты.
⠀
Іс-шараға театр және кино әртістері, жазушылар мен драматургтер, режиссерлер, оқытушылар, кітапханашылар, Алматы полиграфия колледжінің және Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.