Қызмет жетекшісі:
Тәшімбетова Мейіркүл Қуандыққызы
Байланыс тел.: +7-727-267-28-63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Негізгі бағыттары:
- Қазақстанның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдары, мәдениеті мен өнері жайында іргелі библиографияны қалыптастыру;
- Қазақстанның қоғамдық ғылымдары, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен тіл білімі жөніндегі ағымдағы ғылыми ақпараттың библиографиясын қалыптастыру;
- Авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқорын қалыптастыру.
Мақсаты мен міндеттері
Негізгі мақсаты:
- Қазақстанның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдары, мәдениеті мен өнері жайында іргелі библиографияны қалыптастыру;
- Персоналдық және әмбебап библиографияны қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- Ретроспективтік библиографиялық құралдарды (тарих, әдебиет, мәдениет пен өнер бойынша және библиографияның басқа түрлерін) дайындап шығару;
- Ұсыныстық библиографиялық құралдарды: Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін, Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясын құрастыру;
- Оқырмандар сұранысы бойынша Қазақстан туралы күрделі жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау;
- Библиографиялық картотека мен баспалық библиографиялық құралдардағы библиографиялық жазуларды электронды түрге көшіру (конверсиялау);
Құрылымы
- Қызмет құрылымына төмендегі топтар кіреді:
- Ретроспективтік және ұсыныстық библиография тобы;
- Персоналдық және әмбебап библиография тобы.
- Қызметті Кітапхана директорының бұйрығымен қабылданатын және босатылатын жетекші (оның міндеттері лауазымдық нұсқаулықта сипатталған) басқарады. Қызмет жетекшісі болмаған жағдайда оның міндеттерін уақытша топ жетекшісі атқарады.
- Қызмет жетекшісі директордың жанындағы Кітапхана кеңесінің құрамына кіреді.