27 сәуірінде Н. Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің мерейтойына орайластырылған «ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты дөңгелек үстел және «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Қайнар академиясы, ҚР Ұлттық кітапханасы.
Іс-шара модераторы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. Анар Фазылжан. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Қарабаев Құрмет ашты.
Шарада ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, х.ғ.д., профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов пен Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр Абзалиденұлы құттықтау сөз сөйледі.
Баяндамашылар: ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор, А.Байтұрсын-ұлы атн. ТБИ бас ғылыми қызметкері З.М. Базарбаева, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті К.А. Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор, Астана халықаралық қаржы орталығы департамент директорының орынбасары Ш.Құрманбайұлы, ф.ғ.д., әл-Фараби атн. ҚазҰУ профессоры, А.Байтұрсынұлы атн. Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі A.Б. Салқынбай, п.ғ.д., Абай атн. ҚазҰПУ профессоры Ж.Қ. Балтабаева және т.б.
Шарада А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты дайындаған академик К.А. Құрманәлиев туралы бейнеролик көрсетілді.
ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.