26 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасына Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым және Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының мәдениет жөніндегі консулы Ван Цинпин мырза жұмыс сапармен келді.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова мен директордың орынбасары А.Х. Юсупова Цзян Вэй ханымды Қытай Мәдениеті мен әдебиеті залының қызметімен таныстырды, Әлем әдебиеті залындағы шет елдердің кітап бұрыштарына өтіп, алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.