ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған Алматы қаласындағы министрлікке қарасты мәдениет мекемелері арасында шағын футболдан турнир өтті.
Бұл спорттық іс-шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, сондай-ақ ақпан айының «Қазақстан - спорттық ұлт» атауымен спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға арналуына орай ұйымдастырылып отыр.
Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі - Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық және Алматы облыстық филиалының төрағасы - Нұрғалықова Сәуле Нақыпқызы және ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі!
Турнирге қатысқан мәдениет мекемелері:
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамасы;
Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Құлагер» құрамасы;
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрі;
Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы;
Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі;
А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ;
К. Байсейітова атындағы дарынды балаларғаарналған РММОМИ;
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы;
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры.
Тартысты додада өзгелерден оза шауып, жүлделі орындарды:
І орын
А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының құрама командасы;⠀
ІІ орын
Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің құрама командасы;
III орын
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының құрама командасы иеленді!
Сондай-ақ, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының бірнеше номинация бойынша арнайы алғыс хаты табысталды. Олар:
"Құрметті ойыншы" - Қадыров Мырзахан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамасы);
"Үздік ойыншы" - Жүнісбеков Біржан (Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі құрамасы);
"Үздік гол" - Сейдазим Ислам (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы құрамасы);
"Үздік қорғаушы" - Асылхан Нұржан (А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ құрамасы);
"Үздік қақпашы" - Оразалыұлы Дамир (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы құрамасы).
Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!