2020 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен Нұр-Сұлтан қ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Адамзаттың Абайы» атты Абайтанушылардың халықаралық онлайн-форумына қатысты.
Онлайн-форумда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан Кітапханалық Одағының төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық кітапханада ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ашылған Абай әдеби орталығының қызметі туралы мағлұматтар берді.